Жаңалықтар | Новости

Алматыда қоғамдық көліктерде Wi-Fi орнатылды

Алматыда қоғамдық көліктерде Wi-Fi пайда болды, – деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Сымсыз Интернетке қосылуға арналған жабдықтар түрлі маршруттағы 450 автобусқа және барлық қалалық троллейбусқа орнатылды. Қазанның ортасына дейін Wi-Fi Алматының 1000 автобусына қосылады деген жоспар бар.

“Коронавирус дағдарысы кезінде біз Интернет өміріміздегі өте маңызды нәрсе екенін түсіндік. Оның арқасында біз білім аламыз, енді ол автобустарда да пайда болды. Мен шетел тәжірибесін көрдім, онда адамдар қоғамдық көлікке отырып, жұмыс күнін бастап кетеді. Мүмкін болашақта Алматыда да солай болады. Айта кетейін, барлық қоғамдық көлікте сымсыз интернетті тегін етуді жоспарлап отырмыз. Қосылу үшін EZ Wi-Fi желісін тауып, қосылуды басып, тегін пайдалана бересіз”, – деді “EZ Wi-Fi” ЖШС басшысы Тимур Нұртаев.

Интернет “Алматыэлетротранс” автобустарында (№120, 67, 29 және басқалар), City-Bus компаниясының барлық автобусында (№18, 19, 98 және 99) және Олжас LTD (№ 62, 104, 141) қоғамдық көліктерінде бар. Болашақта Wi-Fi қосылған автобустарға арнайы белгілер желімделеді. Желіге әр 15 минут сайын қайта қосылып отыру керек.

Жоба украиналық eWi-Fi компаниясының технологиясы бойынша іске қосылды. Ол екі қазақстандық оператор желісі арқылы жүзеге асырылады.

Комментарий