Жаңалықтар | Новости

Алматыда партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесінде жұмыла авторизациядан өтуде

Елбасы, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың соңынан Алматы әкімі, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, қатардағы алматылықтар, сондай-ақ ғалым, қоғам қайраткері Рахман Алшанов, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, шахматтан халықаралық шебер және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдумәлік «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизациядан өтті. Ақпараттық жүйеде кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары мен дауыс беру процесіне қатысу қағидалары еркін жарияланған.

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда 60 мыңнан астам нұротандықтар тұрады, олардың көпшілігі қазіргі уақытта тіркелген кандидаттарға қызығушылық танытуда, олардың жария пікірсайыстардағы сөз сөйлеуін бақылайды және өткізетін онлайн іс-шараларға белсенді қатысып жатыр. Алматыдағы праймериздің ерекшелігі – әрбір алматылық үміткерлерге сұрақ қойып, үміткерлердің және партияның аудандық филиал парақшаларында хабарлама қалдыра алады. «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизацияға келетін болсақ, бұл партия мүшелеріне белгілі бір кандидат үшін дауыс беру мүмкіндігі үшін қажет.

«Дауыс беру көпарналы болады. Партия мүшелерін таңдап, оларға дауыс беру веб-портал, мобильді қосымша арқылы және сайлау учаскелерінде жүзеге асады»,- деді Станислав Канкуров.

Естеріңізге салсақ, дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді, ал партия мүшелеріне авторизациядан өту primaries.kz сайтында немесе «Primaries 2020» мобильді қосымшасында қолжетімді.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

Комментарий