Жаңалықтар | Новости

АҚШ конгрессі COVID-19-ды “қытайлық вирус” деп атауға тыйым салды

АҚШ конгрессі COVID-19-ды “қытайлық вирус” деп атауға тыйым салатын қарар қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Қарарда коронавирусты “қытайлық вирус”, “Ухан вирусы” немесе “кунг-фу” деп атау мақұлданбайтыны жазылған.

Сондай-ақ, қарар авторлары АҚШ билігін мұндай сөздерді қолданғандарды айыптауға, этникалық тегіне қарамастан барлық америкалықтың денсаулығына қамқорлық жасауға шақырды.

Сонымен қатар, парламенттегілер құқық қорғау органдарын COVID-19 вирусына байланысты жасалатын қылмыстарды жеке тергеу керегін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусты “қытайлық вирус” деп атап, індеттің таралуына Қытайды кінәлаған еді.

Комментарий