Жаңалықтар | Новости

Елімізде ашық ауадағы кинотеатрлар жұмыс істейді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері 15 тамыздағы «Карантин шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қазақстанда бұрынғыдай ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекер кеңселерінің қызметіне тыйым салынады.

Ашық ауадағы кинотеатрлар жұмыс істейді.

Жаңа қаулыға сәйкес театрлар жұмысына да рұқсат бар. Бірақ ондағы адам саны 50-ден көп болмауы керек, театрлар Infokazakhstan.kz порталында тіркелуі қажет және маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға тиіс.

Сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етіледі.

Балалардың түзету кабинеттерін, орталықтары, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша, бір топқа 15 адамнан артық қабылдамаған жағдайда жұмыс істей алады.

Демалыс және мереке күндері сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді.

Қүжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Комментарий