Жаңалықтар | Новости

Түркістан облысында түлектер мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізбейтін болды

Түркістан облысының түлектері мектеп бітіру кешін дүркіретіп, мейрамханада өткізуден бас тартып отыр. Есесіне ата-аналарымен бірге ысырапқа жол бермей, мектеп қабырғасында атап өтуді жөн көрген. Бұл туралы 2018-2019 оқу жылының аяқталуы мен ҰБТ-ға дайындық жұмыстарына арналған брифингте облыстық білім басқарамасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді. Оның айтуынша, түлектердің бұл бастамасын ата-аналар да қолдап отыр. Өйткені бір балаға кететін шығын қалтаға едәуір салмақ салады. Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 24513 бала мектеп бітіреді. Оның 1472-сі алтын белгіге үміткер. Ал тестілеуге 16296 бала қатысуға тілек білдіріп отыр. Ол түлектердің 65% қамтиды. Білім және ғылым министрілігінің ережесіне сәйкес биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Ардақ Садықова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: – ҰБТ дайындығына келетін болсақ, облыста 15 тестілеу пункттері жұмыс істейді. Оның ішінде 2-уі Жетісай мен Келес ауданында, 1-уі ЖОО, 2-і колледжде, қалғандары мектеп қабырғаларында орта мектептердің базасында орналасқан. Тиісті жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар әр аудан тасымалдауды балаларды, жататын орындарын, тамақтарына да тиісті қаражат қарап, 39 млн осы іс-шараларға қаралды.

Комментарий