Жаңалықтар | Новости

Польша Қазақстанмен әуе қатынасын жаңартты

Польша Қазақстанды әуе қатынасы тыйым салынған елдердің тізімінен алып тастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Польша үкіметінің қаулысы 16 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

“Қазақстанды бұл тізімнен алып тастауы елдегі COVID-19 таралуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын білдіреді. Сондай-ақ бұл тізімде әлі 30 ел бар: Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, АҚШ, Франция, Черногория және басқалары. Бұл тізімді Польша үкіметі әр екі апта сайын жағдайға байланысты жаңартып отырады”, – делінген хабарламада.

Комментарий