Жаңалықтар | Новости

БҰҰ бас хатшысы пандемияны “бақылау қиындағанын” ескертті

Коронавирус пандемиясын бақылау қиындап барады, вакцина өздігінен дағдарысты жоя алмайды. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“COVID-19 пандемиясы – біздің өміріздегі болған дағдарыстарға ұқсамайды және Бас ассамблеяның осы жылғы сессиялары бұрын өткен бірде-біріне ұқсамайды”, – деді ол баспасөз конференциясында.

Гутерреш жақында коронавирус салдарынан қайтыс болғандар санының миллионнан асатынын атап өтті.

“Жаппай жұқтырғандарды бақылау қиындап кетті. Вирус – қазіргі заманда жаһандық қауіпсіздік үшін нөмірі бірінші қауіп”, – деп келтірді РИА Новости бас хатшының сөзін.

Ол көбі вакцинаға үміт артанын, алайда пандемиядан панацея жоқ екенін айтты.

“Бір вакцина бұл дағдарысты жоя алмайды. Әсіресе жақын арада мүмкін емес”, – деді Гутерреш.

Комментарий