Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Қазақстанда 2020 жылғы 15 тамыздағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 қыркүйекте қол қойылған қаулыға сәйкес, кафе мен мейрамханаға ашық және жабық алаңда 30 адамнан 50 адамға дейін қабылдауға рұқсат етілді.

Маска режимі және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, кинотеатрларға ашық алаңда жұмыс істеуге;

Театрдың көрермені 50 адамнан аспайтындай, infokazakhstan.kz порталында тіркеліп, сондай-ақ маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап жұмыс істеуге;

Сауда орталықтарында (жеке ғимаратта) орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарында 50 орыннан асырмай, ұжымдық шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Қаулының толық мәтіні Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Комментарий