Жаңалықтар | Новости

Алматы облысында сыйымдылығы 25,7 мың бас болатын 82 тауарлы-сүт фермасы бар

Бүгінгі күнге дейін Алматы облысында сыйымдылығы 25,7 мың бас болатын 82 сүт фермасы бар.

Жыл басынан бері Қаратал, Іле, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында сыйымдылығы 2400 бас болатын 6 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін облыста сыйымдылығы 2 мың басқа арналған 6 тауарлы-сүт фермасын пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 8 айдың қорытындысы бойынша облыста 547,5 мың тонна сүт өндірілді. Оның 89,0 мың тонна сүті тауарлы-сүт фермасына тиесілі.

Өткен жылы облыста 788,2 мың тонна сүт өндірілгенін, оның ішінде 87,2 мың тоннасы тауарлы-сүт фермаларында өндірілгенін атап өткен жөн. 2020 жылға арналған сүт өндіру жоспары 816,7 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тауарлы-сүт фермаларының үлесі  92,0 мың тонна.

Комментарий