Жаңалықтар | Новости

Жапония үкіметі отставкаға кетті

Жапония премьер-министрі 65 жастағы Синдзо Абэ және оның кабинеті толық құрамда отставкаға кетті. Бұл туралы бүгін Жапония үкіметі басшысының кеңсесі айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің айтуынша, ол елдің экономикасы жақсартып, ұлттық мүддесі үшін барынша қызмет етті.

Синдзо Абэ осыған дейін де отставкаға кеткісі келетінін мәлімдеген болатын.  NHK телеарнасының мәліметінше, шамамен осыдан бір ай бұрын Абэ созылмалы ауруының асқынғанын білген. Осыған байланысты үкімет басшысы отставкаға кетуге шешім қабылдаған.

Комментарий