Жаңалықтар | Новости

Сирияда АҚШ тікұшағы құлады

АҚШ Қарулы күштерінің тікұшағы Сирияның әл-Хасак провинциясындағы Ярубия ауданында құлады, – деп хабарлайды РИА Новости Radio Sputnik-ке сілтеме жасап.

Сириядағы SANA мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, АҚШ басқыншылық күшінің тікұшағы Ярубия ауданындағы Тел-Хаддад аулында құлаған.

Апат болған жерді америкалық әскердің бронетехникасы қоршап алған. Еске салайық, Сириядағы қақтығыс 2011 жылдан бері басылмай келеді.

Комментарий