Жаңалықтар | Новости

Қытайда әскери жағдай режимі енгізілді

Қытайдың Юньнан провинциясы Мьянмамен шекарадағы қалаларда әскери жағдай режимін енгізді, – деп хабарлайды “Хабар 24”.

Себебі көрші елден келген екі азаматтан вирус анықталған екен. Жуйли қаласының барлық тұрғынын коронавирусқа тексеру туралы шешім қабылданып, тұрғындарға аса қажеттіліксіз үйінен шықпау бұйырылған.

Ал қаладан 12 қыркүйектен кейін кеткендер қажет органдарға тоқтаған орындары туралы хабарлап, тест тапсыруы керек.

Айта кетейік, Юньан провинциясы Мьянмамен шекаралас. Аймақта бүгінгедейін шетелден келген 7 адамдан вирус анықталған екен.

Комментарий