Экономика

Ел бойынша ең төмен көрсеткіш Алматыда

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі Алматыда 2,2%-ті құрады. Бұл ел бойынша ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Оны ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бүгін Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаларды реттеу мәселесі бойынша Үкімет отырысында жасаған баяндамасында хабарлады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бері 4,4%-ке өсті. Негізгі өсімді қарақұмық жармасы мен қант, сәбіз бен картоп көрсетті. Басты себебі егістік аумағының қысқаруы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсім барлық аймақтарда байқалды. Дегенмен тауарлардың көпшілігі бойынша ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бес түрінде бағаның төмендеуі байқалды. Жалпы өсім көрсеткіші 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе төмен. Өсудің 90%-і, яғни 4,1 проценттік пункт елде төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңінде тіркелді. Оның негізгі себептері карантиндік шаралармен байланысты азық-түлікке дүрлікпе сұраныс және логистика мен тауар тасымалдаудың өзгергені, маусымаралық кезеңдегі тапшылық болды. Баға өсімі мамыр айынан бастап реттеле бастады. Атап айтқанда, мамырда 0,1%-ке өсті, маусым мен шілдеде өзгеріссіз қалып, тамызда 1%-ке төмендеді.

«22 наурыздан бастап төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде 7 тауарды экспорттауға, сондай-ақ тауарларды ай сайын шығаруды квоталауға тыйым салынды. Бұдан басқа, бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импорты мен сатылуына қосылған құн салығының ставкасы 12-ден 8%-ке дейін төмендетілді. Жергілікті атқарушы органдар «айналым схемасы», форвардтық сатып алу және «тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» сияқты құралдарды пайдаланады. Тұрақтандыру қорларында 27,7 мың тонна азық-түлік қалыптасқан және 21,6 мың тонна жеткізуге форвардтық шарттар жасалған. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру міндеттемесімен «айналым схемасына» жергілікті бюджеттерден 14,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл нарықтық механизм қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отыр. Басқа өңірлермен салыстырғанда Алматы қаласында қомақты қаражат бөлінді. Нәтижесінде шаһарда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі 2,2%-ті құрады. Бұл ел бойынша ең төмен көрсеткіш болып табылады. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында «айналым схемасына» қаражат бөлінген жоқ, нәтижесінде аталған өңірлерде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі тиісінше 6,1% және 5,7%-ті құрады», – деді Б.Сұлтанов. Оның айтуынша, бағаны тұрақтандырудың маңызды құралдарының бірі монополияға қарсы реттеу шаралары болып табылады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті ішкі нарыққа сөз байласу мәніне тұрақты мониторинг жүргізеді. Осылайша, ағымдағы жылы азық-түлік, жеміс-көкөніс пен ет өнімдерін өндіру және сату бойынша нарық субъектілеріне 293 хабарлама жіберіліп, сондай-ақ 13 тергеу жүргізілген.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

Комментарий (2)

  1. Пошли вы *****со своей статистикой(обращение к нашим представителям народа) инфляция на ваших бумагах фуфло, а в жизни превышает 1000% государство фулыжит народ проснись

Комментарий