Жаңалықтар | Новости

COVID-19: Дүние жүзінде антирекорд тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) пандемия басынан бері коронавирус жұқтырғандар санының тағы бір рекордтық көрсеткішін тіркеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДДҰ мәліметінше, 13 қыркүйекте дүние жүзінде 307 930 жаңа жағдай анықталған. Оның алдындағы антирекорд 6 қыркүйекте тіркеліп, 306 857 адам ауырған болатын.

Дүние жүзі бойынша 28 637 952 адам коронавирус жұқтырған, 917 417 науқас қайтыс болған.

Ауырып қалғандардың көбі Солтүстік және Оңтүстік Америкада – екі құрлықты қосқанда 14,7 миллион адам, әрі қарай Оңтүстік-Шығыс Азия шамамен 5,4 миллион адам және Еуропа 4,8 миллионға жуық жағдай тіркелген.

Ал Джонс Хопкинс университеті коронавирус жұқтырғандар санының антирекордын 11 қыркүйекте тіркеді – бір тәулікте 319 888 адам ауырған.

Соңғы кезде Үндістан (+93 215), Франция (+10 561), Ұлыбритания (+3 497), Ирак (+3 531), Израиль (+2 882), Украина (+2 446) және басқа елдерде ауру жұқтырғандар саны күрт көбейіп жатыр.

Комментарий