Талқыдағы тақырып

Білім мен өмір қайсысы қымбат екенін ойланатын кез келді.

Баяғыда көп жерде электр қуаты жоқ болды. Баяғы дегені 20-жылдай уақыт шығар. Ойбай балаларымыз сабақты оқи алмай қор болып отыр деуші еді ата-аналар. Мен айтамын сонда , ей халық қараңғыны күтпей-ақ неге күн жарықта оқып алмағансыңдар оқитын сабақтарыңды -деп. Журналист келсе вообще хохма. Жап -жаңа балауыз майшамды(свеча) жағып қойып қатар отырған балаларды түсіреді. Бәрінің қолында кітап,кейбіреуі теріс ұстап отыр. Бір сюжетті көргенде вообще құлап едім. 11-12 жасар қыз 10-кластың алгебрасына шұқшиып не оқып отыр екен -деп.)))
Шүкір ,ол заман өтті. Енді оқудың қиындығын интернетке жабатын болдық. Талға,тауға, үйдің шатырына білім іздеген балаларды шығарып кино түсіріп жүрміз.арзан трюк. Осындай блокбастерлерге сенбеймін. Мен болған жоқпын ол ауылдарда. Бірақ өзіміздің ауылда ватсапқа жететін вай-фай бар.Барлық ауылда бар екеніне сенімдімін. Және қиырдағы ауылдан онлаинды ешкім талап ете қоймас. Болмаса мектеп роутер беріп жатыр. Ол болса да жақсы. Болып жатқан кеселден аз шығынмен құтылудың орнына ,жағдайды онан сайын шиеленістіре беру кімге керек?. Үкімет осындайды көріп мектепті жаппай ашса не болады.? Россия ашып ,енді мектептерін қайтадан жауып жатыр. Европада да екінші кезең еніп үлгерді. Білім мен өмір қайсысы қымбат екенін ойланатын кез келді.

фейсбуктегі парақшасынан

Султан Сулеев

Комментарий