Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды

Алексей Цой болжамдар маска киетін, арақашықтықты сақтайтын адамдардың жалпы процентіне байланысты болатынын атап өтті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болжанып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, бүгінде министрлік болжам жасап, қазіргі жағдайды бағалаумен айналысып жатыр.

“Ең дәл болжам екі апта мерзімге жасалады. Біз әр күні алатын көрсеткіштер құбылып тұрады. Бұл болжамдар маска киетін адамдардың жалпы процентіне байланысты болады, – дейді Алексей Цой.

Яғни, министрдің пікірінше, шектеу шаралары – әлеуметтік арақашықтық және маска режимі болжамға әсер етеді.

“Шамамен қараша-желтоқсан айларында өсім болуы мүмкін. Оған коронавирустың болжанып отырған екінші толқыны мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың, тұмаудың қабаттасуы әсер етеді”, – деді Цой орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұған дейін Еуропа өңірінде (Италия, Испания, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея) науқастардың саны күрт өскенін атап өтті.

ТМД елдерінде ауру өсімі 0,5% құрап отыр, бұл Қазақстанға қарағанда бес есе жоғары

Комментарий