Қоғам | Общество

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА МОДУЛЬДІ СТАЦИОНАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бұл туралы Маңғыстау облысында короновирустық инфекцияның екінші толқынының алдын алу жоспары жайында өткен брфингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлім етті. Оның айтуынща, Маңғыстауда эпидемиологиялық ахуалға сәйкес 170 адамға арналған 9 инфекциялық стационар бар. Резервтегі 11 инфекциялық стационарда 1835 төсек орын дайын.
«Кадр резерві жасақталды. Қазіргі уақытта 183 дәрігер дайындалды, десе де қажеттілік 75 дәрігерді құрайды. Ал, Ақтау қаласында 200 төсек орынды тез құрастырмалы модульдік инфекциялық ауруханасы салынып жатыр. Барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қазан айында ашылады деп күтілуде», – деді Ж. Жаманбаева.
Сондай-ақ, басқарма басшысы өңірдің медицина мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан жұмыстар жайында баяндады.
«Қазіргі уақытта облыс көлеміндегі инфекциялық және провизорлық стационарларда 30 мыңнан астам антикоагулянттар гепарин, клексан, фракиспарин, бактерияға қарсы 2000 астам цеф-4, 35000 цеф-3, 40000 жуық цефтазидим, 8000 жуық азитромицин және т.б бактерияға қарсы препараттар бар. Оған қоса 25000 жуық дексаметазон және 30000 жуық преднизолон препараттары бар. Қор көлемі 3 айдан астам уақытқа жетеді деп жоспарланды»,-деді МО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева. Жазира Қуанышбекқызы

Комментарий