Қоғам | Общество

Олимпиадалық білім туралы еліміздегі алғашқы кітап шықты

«Қазақстандағы олимпиадалық білім және спорт тарихының очерктері» деп аталатын бұл оқу құралын баспаға ұсынған Қазақ спорт және туризм академисяның Ғылыми кеңесі. Авторлары ҚазССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, п.ғ.д., профессор Б.Досқараев, п.ғ.к., доцент Е.Сейсенбеков және Спорт ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Е.Алтынбек.

«Қолыңыздағы кітапты олимпиадалық білім мен тәрбие, дене шынықтыру мен спорт тарихы жөнінде Қазақстанда алғаш рет қазақ тілінде ғылыми негізде жазылған тұңғыш тарихи-деректіке очерк деп айтар едім. Олай деуге себепті негіздер бар. Өзімізге белгілі, кешегі кеңестік дәуірде дене шынықтыру мен спорт бағыты бойынша әдебиеттер тек орыс тілінде ғана шығарылғанын айтар болсақ, елдегі олимпиадалық білім туралы әңгіме мүлде қозғалмады деуге болады. Сол үшін де тәуелсіздікке дейін және одан кейін олимпизм, олимпиадалық білім мен тәрбие мәселесі жөнінде ғылыми негізде қалам тартушы ғалым-ізденушілер болған жоқ», – дейді Олимпиада ойындарының жеңімпазы және 2 мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық боксшы Серік Сәпиев.

Кітап авторларының бірі Б.Досқараевтың сөзіне қарағанда, олимпиалалық білім туралы бұған дейін елімізде тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де ешқандай ғылыми еңбек жазылмаған. Сондықтан да дене шынықтыру және спорт мамандарын дайындайтын оқу орындарында күні бүгінге дейін олимпиалалық білім толыққанды беріліп жатқан жоқ. Ал Олимпиада хартисының қағиадаларында: «Олимпизм – бұл дене, ерік-жігер мен ақылды бір бүтін ретінде біріктіріп, жоғарылатушы өмір философиясы. Спортты мәдениет пен біліммен байланыстыратын олимпизм – қуаныш пен күш салуға, жақсы үлгінің тәрбиелік құндылықтарына, әлеуметтік жауапкершілікке және жалпыға ортақ әдептілік қағидаларды құрметтеуге негізделген өмір салтын жасауға тырысады» деп жазылған. Яғни бұл мәселе ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған: «өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу керек» деген тапсырмасын жүзеге асыру кезінде ескерілу керек. Егер оимпиадалық білім мектеп қабырғасынан бастап жас ұрпақтың бойына сіңірілетін болса, олардың бойындағы отаншылдық рухын көтеру арқылы спорт саласында ғана емес, бүкіл Қазақстанның дамуына тың серпін беретін жаңа бір кезең басталуы әбден мүмкін.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

Комментарий