Жаңалықтар | Новости

Швейцария Қазақстанды карантин тізімінен шығарды

Швейцария Қоғамдық денсаулық сақтау федералды басқармасы келгеннен кейін карантин шараларын сақтау керек елдердің тізімінен Қазақстанды алып тастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Швейцарияда жұқтырғандар саны көп, қауіпті елдер мен аймақтардан келген адамдар карантинге жатқызылады. Мұндай елдердің тізімі 7 қыркүйекте жаңартылды.

Тізімнен Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Бельгия, Сальвадор, Эсватини (Свазиленд), Люксембург, Мексика және Оман алынды.

Алайда Украина, Хорватия, БАӘ, Ливия, Ливан және тағы бірнеше ел тізімге қосылды.

Айта кетейік, Швейцария адамның қай елден келгенін ғана емес, соңғы 14 күн ішінде қандай елдерде болғанын да ескереді. Тізімдегі елдерден келген азаматтар 10 күн бойы карантинге жатқызылады. Коронавирусты анықтайтын тест нәтижесі теріс болса, бұл міндеттен құтылады.

Комментарий