Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматы аспанын сұр бұлт қаптады: тұрғындар күйік иісіне шағымданып жатыр

Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенгенін мәлімдеді. Алматы таңертеңнен бастап сұрғылт түске енді. Әлеуметтік желілерде азаматтар күйіктің иісі шығып жатқанын айтып шағымдануда.

Иіс пен түтінге қоқыс полигонындағы өрт себеп болды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

“Түнгі сағат екіде өртке қарсы қызметтің пультіне Алматы облысындағы Қарасай ауданының Айтей ауылынан жеті шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар өртенгені туралы ақпарат түсті”, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.

Түтіннің иісі қаланың барлық ауданында сезілді.

 

Комментарий