Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

5 қыркүйек күні бірнеше облыста үсік жүреді. Қазақстанның сегіз облысында 5 қыркүйек күніне ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

5 қыркүйек күні түнде Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, 1-3 градус үсік болжанады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады.

Комментарий