Жаңалықтар | Новости

Ресейлік вакцинаны кімдерге салуға болмайды?

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ресейлік “Спутник V” вакцинасына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шорановтың айтуынша, белгілі бір санаттағы адамдарға Ресей вакцинасын салуға тыйым салынады.

“Ресейде өндірілген “Спутник V” вакцинасы аденовирусқа қарсы екі серотипке негізделген тірі векторлық вирус-вакциналар түріндегі препарат деп айтқым келеді. Бұл вакциналар созылмалы, респираторлық ауруларға жақсы. Бірақ бұл вакцинаны жүкті әйелдерге, емізетін келіншектерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға салуға болмайды“, – деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Еске салайық, 1 тамызда қазаннан бастап ресейліктерге жаппай вакцина салынатыны белгілі болды. Ел билігі вакцина алдымен арнайы топтағы адамдарға, яғни, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне салынатынын айтты. Ресейлік “Гам-Ковид-Вак2” векторлы вакцинасы SARS-CoV-2 гені енгізілген аденовирус ДНҚ негізінде жасалған.

Ал 11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина тіркеуден өткенін мәлімдеген болатын.

Комментарий