Жаңалықтар | Новости

3 қыркүйекте коронавирусқа қатысты ахуал қалай өзгерді?

2 қыркүйектің қорытындысы бойынша елімізде коронавирусты тағы 88 адам жұқтырды. Аурудан бір күнде 596 науқас жазылды, 6 пациент қайтыс болды, – деп жазады baribar.kz.

Жаңа дерек Қазақстанның 14 өңірінде тіркелді. Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында COVID-19 жұқтырғандар жоқ.

Өңірлерде бүгінге дейін және кейінгі тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда – 14 238(+5);
Нұр-Сұлтанда – 13 851(+18);
Атырау облысында – 10 931(+5);
Қарағанды облысында – 10 118(+8);
Шығыс Қазақстан облысында – 8 227(+14);
Батыс Қазақстан облысында – 6 765(+8);
Шымкентте – 5 175(+1);
Алматы облысында – 4 898(+1);
Жамбыл облысында – 4 089(+5);
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 964(+7);
Павлодар облысында – 3 841(+4);
Қостанай облысында – 3 422(+4);
Ақмола облысында – 3 405(+5);
Маңғыстау облысында – 3 334(+0);
Түркістан облысында – 3 322(+0);
Қызылорда облысында – 3 231(+0);
Ақтөбе облысында – 3 221(+3).

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 032-ге жетті, инфекциядан 97 967 адам жазылды, 1 606 науқас қайтыс болды.

Комментарий