Құқық | Право

Нұр-Сұлтанда екі тәулікте көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды

Полиция қызметкерлері “Мастер – жүргізуші қылмыскер” жедел алдын-алу шарасын өткізді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жедел алдын алу шарасы жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін жағдайлардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеу, қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында ұйымдастырылды. Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖАІШ өткізілген екі күннің ішінде полиция қызметкерлері 800-ге жуық жол қозғалыс ережелері бұзылғанын анықтады. Көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды. Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары қызметкерлері жыл басынан мұндай 300-ден астам жүргізушіні анықтады. Сондай-ақ, ЖАІШ барысында қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамаудың 50-ге жуық фактісі, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуынға қатысты 50-ге жуық оқиға, автокөлік құралдарын жүргізу кезінде жүргізушілердің ұялы телефондарды пайдалануына қатысты 30-дан аса жол ережесін бұзу оқиғасы анықталды.

Комментарий