Жаңалықтар | Новости

Лукашенко Беларусь пен Украинаны біріктіріп, екі елді басқарғысы келген

Алты жыл бұрын Александр Лукашенко Беларусь-Украина одағын құруды ұсынған. Бұл туралы Еуропалық кеңестің бұрынғы президенті және Польшаның экс-премьері Дональд Туск айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Onet поляк порталына берген сұқбатында Туск Минск 2014 жылы ЕО, Ресей Федерациясы және Украина арасында делдал болған уақытта, Беларусь президенті оған қоңырау шалып, Еуропалық Одақтан украиналық мәселені бейбіт жолмен шешудің кепілі бола алатындығына сендіруді өтінгенін жеткізді. Лукашенко сонымен қатар Беларусь-Украина одағын құру идеясын қолдауды сұраған. Тусктің сөзінше, Александр аталған ұйымның басшысы болғысы келіпті.

“Бұл Украинаға жасаған қамқорлық емес, билікті жоғалтудан қорыққан қадам болды. Содан барлығы Ресей Қырымды аннексиялауға тоқтамайды деп қорықты, ал Лукашенко оқиғалардың бақылаусыз өрбуінен қорықты. Себебі, оның құрбаны Украина ғана емес, Беларусь та болуы мүмкін еді”, – деді Туск.

Содан кейін Беларусь басшысы Тускқа бұл Ресейді тоқтатудың жалғыз жолы екенін білдірген.

“Лукашенко әрқашан өз жағында болды. Ол содан кейін ойын алаңы қаншалықты кең екенін сезінді. Бірақ біз Украинаның ісінде оның себептері қандай болғанына қарамастан, кез – келген жағдайда позитивті рөл атқарғанын мойындауымыз керек”, – деді ол.

Еске сала кетсек, Украина билігі Беларусьпен арадағы байланысты тоқтатып, республика ішіндегі жағдайдың дамуын қадағалап отырғаны хабарланды. Айта кетсек, Беларусь президенті Александр Лукашенко оппозиция қатарындағы мұғалімдерді жұмыстан босату қажеттігін айтқан болатын.

Комментарий