Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда алдағы 3 тәулікте күн күрт суытады

Өйткені еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне Таймыр аудандарынан суық ауа ағыны келе жатыр, соның әсерінен 12-18 градус жылы болады.

“Қазгидромет” мамандары 3-5 қыркүйек күндері елімізде жаңбыр жауып, күн күрт салқындайтынын болжады.

Алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады, шығыста жел күшейеді, қатты нөсер жаңбыр жауады және бұршақ түсуі ықтимал, – деп хабарлады синоптиктер.

Комментарий