Жаңалықтар | Новости

Шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелде шот ашуға тыйым салынады

Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелде шот ашуға тыйым салынатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізіп жатыр.

Жамаубаев министрліктің FATF бойынша (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы) жұмыс істейтінін айтты:

– мемлекеттік лауазымды тұлғаларға және квазимемлекеттік сектордағы тұлғаларға, олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттар ашуға тыйым салуды енгізу;

– салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтер алу құқығын заңнамалық бекіту.

Комментарий