Жаңалықтар | Новости

Созылмалы ауруы бар балалар кезекші сыныптарға жіберілмейді

Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Ләззат Жылқыбаева кезекші сыныптар туралы толық мәлімет берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі күні 1-2 сынып бойынша 193 топ ашылды, оларда 1 977 бала оқитын болады. Кезекші сабақтарды мектеп әкімшілігі бекіткен бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Созылмалы аурулары жоқ балалар кезекші сыныптарда білім ала алады. Балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері өз балаларын санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: бетпердемен, қолды зарарсыздандырушы антисептик немесе бактерияға қарсы сулы майлықтармен, – деді Жылқыбаева онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, ата-аналар балаларына әлеуметтік алшақтықтың қажеттілігі туралы үнемі ескертіп отыруы керек. Сондай-ақ, балаларды ата-аналары мектепке өздері алып келіп, өздері алып қайтуы тиіс.

Комментарий