Жаңалықтар | Новости

“Үш негізгі сценарий бар”: Алматыда COVID-19 күзгі толқынына дайындалып жатыр

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Қамалжан Надыров Алматының жедел жәрдем қызметінің пандемияның жаңа толқынына дайындығымен танысты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап. 

Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері Біржан Оспановтың айтуынша, қазіргі кезде 180 бригада жұмыс істейді екен. 3 мыңнан астам қызметкер бар. Ол мамандар қорғаныш құралдарымен толықтай қамтамасыз етілгенін жеткізді.

Вирус өршіген жағдайда 103 желісінің санын 30-дан 50-ге дейін көбейтеміз, деп отыр. Ал қоңырау қабылдайтын фельдшерлер саны 12-22-ге, бригадалар саны 220-ға дейін артатыны белгілі болды. Сонымен қатар, COVID-19 жұқтыру шыңы болған жағдайға байланысты іс-қимыл алгоритмі әзірленген.

“Жоспар дайын, үш негізгі сценарий бар. Медицина қызметкерлері соған сәйкес әрекет етеді. Барлық медицина қызметкері тиісті оқытудан өтті”, – деді Оспанов.

Арнайы 3000-505 шұғыл байланыс орталығы жұмыс істейтін болады. Сall-орталық 103-ке түсетін жүктемені азайтып, коронавирусқа байланысты шұғыл қоңырауларға дер кезінде жауап беруге жағдай жасайды.

Оспановтың сөзінше, Алматыда қауіпті дерт бойынша түсетін қоңырау саны азайған.

Комментарий