Жаңалықтар | Новости

Павлодарда үш күндік шектеу шаралары енгізілді

Павлодар облысында сенбі, жексенбі және дүйсенбі күні карантиндік шектеулер сақталады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. 

Бұл күндері қызмет көрсету нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, моншалар және сауда орталықтарының жұмысы тоқтатылады. Ал азық-түлік дүкендері мен дәріханалар кешкі тоғызға дейін жұмыс істейтін болады. Шектау шаралары аясында 65 жастан асқан азаматтарға далаға шықпауға ескерту жасалады. Бұл күндері сонымен қатар қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Десе де, оны сақтап қалу үшін карантиндік шаралар сақталады.

“Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы және мектеп жәрмеңкелерін өткізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Себебі қос шара тұрғындар тарапынан сұранысқа ие. Эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдаймыз. Карантиндік шаралар жеңілдегенімен шектеу шаралары сақталуы тиіс”, -деді облыстың бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев.

Комментарий