Жаңалықтар | Новости

Nur Otan партиясының кеңейтілген отырысында қандай мәселе талқыланады?

Қазақстан тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қандай мәселе тақыланатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда саяси кеңестің мүшелері партияның “қайта жүктеу” бағдарламасын жүзеге асыру және партияішілік праймериз – сайлау өткізу барысын талқылайды деп жоспарланып отыр”, – деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Осыған дейін Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы 24 тамызда өтуі керек болған. Алайда ол алдымен 25 тамызға, кейін 28 тамызға шегерілді.

Комментарий