Жаңалықтар | Новости

Алматыда дәрі-дәрмек сатып алуға 10 миллиард теңге бөлінді

Алматыда дәріханалар мен емханаларда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын дайындау үшін 10 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық әкімдіктің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескере отырып,  сондай-ақ күзгі-қысқы ауруларды ескере отырып, біз тұрақтандыру қорын құрдық, оған 10 миллиард теңге бөлінді. Бес миллиард теңге нарықты тұрақтандыруға және Алматы қаласының дәріханаларына бөлінеді. Тағы бес миллиард теңге – бұл стационарлар мен емханалар үшін дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу үшін құрылған резервтік қор. Дәріханаларға арналған дәрілердің жалпы көлемі – кемінде 40 миллион қаптама, 26,8 миллион қазірдің өзінде жеткізілген”, – деді Сәлімбаев.

Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова қазір қалада дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ екенін айтты.

Комментарий