Жаңалықтар | Новости

Қараша, қазан айлары өте қиын болады – Бекшин коронавирус туралы

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты жағдай күзде күрделене түсуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Біз өзекті мәселені талқыға салғалы отырмыз. Себебі, қауіпті коронавирус инфекциясына тұмау қосылады. Сондықтан қараша, қазан айлары өте қиын болады. Алматы қаласында соңғы аптада 940 ЖРВИ-дің дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға жоғары”, – дейді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Алматыда 14 144 адам COVID-19 жұқтырды. 12 848 науқас айықты, 252 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 105 243-ке жетті. 94 713 науқас жазылды, 1 523 адам аурудан көз жұмды.

Комментарий