Жаңалықтар | Новости

Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталдегі провизорлық орталық жабылады 

ККБТУ мен Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 17.07.2020ж. №187  бұйрығымен Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь, провизорлық орталық  ретінде 100 төсектік орынға науқастарды қабылдауға шешім шығарылған еді. 29-шы шілдеден бастап бұл мекеме орта қалыпты жағдайдағы науқастарды қабылдап бастады.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты бүгін госпитальде ең соңғы емделіп, жағдайы жақсарған науқасты шығарып салған соң, провизорлық орталық жабылады. Стационардан кеше 9 сырқат емделіп шықты. Осылайша 1 айға жуық уақыт ішінде 193  науқасты айықтырып, үйлеріне аман-есен шығарып салды.

Алдағы бір ай мерзім ішінде дезинфекциялық өңдеу жүргізіліп, госпиталь Отан соғысы және оларға теңестірілген жандар мен Ауған соғысы ардагерлерін, Чернобыль мен Семей ядролық апатынан зардап шеккен жандарды қайта қабылдауды бастайды. Сонымен жоспарлы түрде пациенттерді қабылдау қалыпты жағдайда жалғасады.

Науқастарға 53 медицина маманы қызмет көрсетіп, бірнеше ауысыммен тәулік бойы тынымсыз еңбек етті. Госпитальдің директоры, м.ғ.д., профессор Дамир Дәулетбаевтың басшылығымен ұжым қызметкерлері мен дәрігерлер қиын жағдайда ауызбіршілік танытып, күн-түн демей бар мүмкіндікті қарастырды.

Оған осы провизорлық орталықта емделіп шыққан жандардың “Алғыс хаттары” дәлел бола алады. Сондай-ақ, Үкіметтің қолдауымен жомарт жандар және қоғамдық қорлар, еріктілер медицина мекемелерін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп отырды. “Бір жағадан бас, бір жеңнен қол” шығара білген халқымызға алғысымыз шексіз!

Комментарий