Жаңалықтар | Новости

2021 жылдың көктемінде коронавирустың үшінші толқыны басталады – ғалым

Коронавирус пандемиясының үш толқыны болуы мүмкін, сондықтан қалыпты өмірге 2021 жылдың жазында ғана оралуымыз мүмкін. Бұл туралы иммунология және молекулалық биомедицина орталығының директоры Михаил Пальцев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, пандемия биыл күзде аяқталады деген нақты болжам жоқ. Себебі ұзақ уақыт оқшауланған халықта иммунитет әлсіреген.

Пандемияның үш толқыны болатыны туралы мәліметтер бар. Екінші толқыны біріншісінен қиындау болады, ал пандемияның үшінші толқыны әлсіздеу болады. Коронавирустың екінші толқыны күзде басталса, үшінші толқыны 2021 жылдың көктемінде басталады”, – дейді академик.

Сондай-ақ, ол коронавирусты қайта жұқтыру мүмкін екенін ескертті.

Комментарий