Жаңалықтар | Новости

Коронавирус: Ресей Қазақстанға вакцинаның 2 миллионнан аса дозасын жеткізеді

Қазақстан үшін коронавирусқа қарсы “Спутник V” вакцинасын Ресей тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктесі шығарады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Бүгін Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мәселесін келісті.

“СҚ-Фармация” компаниясы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай дистрибюторы. Қазақстанға вакцинаның партиясын Ресей тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктесі жеткізеді деп жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада.

“Келісімге сәйкес Қазақстанға “Спутник V” ресейлік вакцинаның 2 миллионнан аса дозасын жеткізу керек. Болашақта серіктестермен бірге вакцина көлемін 5 миллион дозаға дейін ұлғайтуды қарастырамыз”, – деді Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев.

Комментарий