Жаңалықтар | Новости

Алғаш рет 830 мың теңге кімдерге беріледі?

Елордада “Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі” медалімен марапатталған ұстаздарға 830 мың теңгеден беріледі, – деп жазады dauletten.kz.

Елімізде бұл марапат алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алтай Көлгіновтың айтуынша, медаль иегерлері 830 мың теңгеден алады.

“Өткен жылы ұстаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде 275 тұрғын үй сертификатын бөлдік. Осы жылы да мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз”, – деді әкім.

“Қазақстан ипотекалық ұйымымен” бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтерді сату туралы келісім нақтыланды. Бұл пәтерлерге мұғалімдерден басқа медицина қызметкерлері, полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері де үміткер бола алады.

Комментарий (1)

  1. Асылжан

    Вообще ңдұрыс емес, теріс оқыған жоғарда отырғандар. Ондай көмекті жағдайы жоқ, көмекке мұқтаж жандарға беру керек тупойлар

Комментарий