Жаңалықтар | Новости

24 тамыз: Қазақстандағы коронавирус инфекциясы ахуалы

Республика бойынша өткен тәулікте коронавирусты тағы 175 адам жұқтырды. Бұл бір күн бұрынғыдан 55 адамға аз.

Коронавирус жұқтырғандар елдің 16 өңірінде тіркелді, тек Маңғыстау облысында бірде-бір адамнан инфекция табылмады.

23 тамыздың қорытындысы бойынша 1 509 адам ауруынан айықты, 13 пациент қайтыс болды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда – 14 084(+12);
Нұр-Сұлтанда – 13 738(+8);
Атырау облысында – 10 833(+15);
Қарағанды облысында – 9 958(+20);
Шығыс Қазақстан облысында – 8 007(+28);
Батыс Қазақстан облысында – 6 690(+13);
Шымкентте – 5 165(+1);
Алматы облысында – 4 875(+7);
Жамбыл облысында – 4 057(+6);
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 861(+12);
Павлодар облысында – 3 777(+13);
Қостанай облысында – 3 346(+10);
Маңғыстау облысында – 3 315(+0);
Ақмола облысында – 3 331(+14);
Қызылорда облысында – 3 227(+1);
Түркістан облысында – 3 255(+10);
Ақтөбе облысында – 3 199(+5).

Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 104 718-ге жетті. Аурудан 92 598 адам жазылды.

Комментарий