Жаңалықтар | Новости

Бразилия ғалымдары ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Сан-Паулу университеті Медициналық мектебінің және Omni-electronica стартапының зерттеушілері жаңа коронавирустың үлгілерін ауада жинауға мүмкіндік беретін технологияны жасап шығарды деп хабарлайды  ҚазАқпарат. 

Agencia Brasil агенттігінің мәліметі бойынша, құрылғы адам көп жиналатын ғимараттардың ішінде қолдануға өте пайдалы болуы мүмкін. Spiri атауына ие болған құрылғы бұрын да бар болатын. Оны стартаптың негізін қалаған университеттің Политехникалық мектебінің бұрынғы студенттері жасаған. Құрылғының әуелдегі мақсаты ғимарат ішіндегі ауа сапасын бағалау болатын. Екі ай бойы зерттеушілер жергілікті ауруханалардың ішіндегі ауаға сараптама жүргізген.

“Бізде ғимарат ішіндегі ауа сапасы бойынша сенімді мәліметтер базасы бар. Біз респираторлық вирустардың қалай таралатынын және қыс айларында инфекцияның қалай күшеюі мүмкін екенін білеміз. Коронавирус пандемиясы басталған кезде жабық ғимарат ішінде вирустың таралу мүмкіндігі жоғары екенін білдік. Ол кезде бұл мәліметті тіпті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да айтпаған еді”, – деп атап өтті Omni-electronica жетекшісі және зерттеу үйлестірушісі Артур Айкава.

Мәліметке сәйкес, Spiri-ге орнатылған датчик. Ол ауаны жинап, мәліметті орталық станцияға жібереді. Станция бірден интернет арқылы мәліметті сұрыптап, техника мамандарына ауа айналымын жақсарту бойынша клиенттерге консультация беруге көмектеседі. Зерттеу нәтижелері ғылыми журналда жариялауға дайындалып жатыр. Айкаваның айтуынша, Spiri белгілі бір ортада респираторлық вирустардың шоғырлануына тосқауыл бола алады және ғимарат ішінде вирустың болған-болмағанына тест жасап тұрады. Оның сөзінше, құрылғыны стратегиялық маңызды жерлерге, мысалы, пойыз және метро бекеттеріне орнату елдердің пандемиядан кейінгі қалыпты өмірге оралуына көмектеседі.

“Коронавирусқа арналған тестерді осы секілді хаттамамен жасауға болады, бірақ оларды уақыт және бағасына байланысты кең ауқымда өткізу қиын. Зертханалық талдау нәтижелерін алуға кем дегенде бес күн кетеді. Ал Spiri вирустың таралуынан сақтану үшін алдын алу шаралары қолданылды ма деген сұраққа нақты уақыт режимінде жауап береді”, – деп атап өтті Айкава.

Комментарий