Жаңалықтар | Новости

Италияда күніне мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталып жатыр

Италияда күніне мыңнан аса адамнан коронавирус анықталып жатыр, – деп хабарлайды Reuters.

Басылымның мәліметінше, бұл елдегі карантин әлсіреген мамырдан бастап ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

COVID-19 Италияға Еуроодақтың басқа елдерінен келгендерден жиі анықталады екен.

Сарапшылардың пікірінше, демалушылар сақтық шараларын сақтай жатқан жоқ. Сондай-ақ, соңғы бірнеше күнде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріліп, демалушылардың жағажайларға жиі барып жатқаны айтылады.

Айта кетейік, бүгінде Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 258 мыңнан асты.

Комментарий