ДДҰ есептеуі бойынша, COVID-19 пандемиясы екі жылдан аз уақытта аяқталмайды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, – деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 1918 жылғы «Испан тұмауы» эпидемиясы да 2 жылға созылған.
«Байланыс көп болса, вирус тез тарайды. Бірақ бізде оны тоқтату үшін технологиялар бар. Сондықтан бізде жаһандану және өзара байланыста кемшілік болғанмен, технологиялар жағынан артықшылық бар», – деді ұйым басшысы.
Бұған дейін ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан адамзат коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті әлі қалыптастырмайтынын айтқан еді.
Комментарий