Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | Новости

ӨНДІРІС КӨЛЕМІ СҰРАНЫСҚА САЙ

Коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шектеудің енгізілгеніне де жарты жылдан астам уақыт өтті.

Осы уақыт ішінде Қазақстандағы химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,6% өсті. Бұл қауіпті кеселдің алдын алу мақсатында зарарсыздандыру жұмысына қажетті дезинфекциялық құралдар өндіру көлемінің ұлғайғанының дәлелі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, «ҚазАзот» АҚ кәсіпорнында аммиак селитрасы 19% және аммиак 286%, «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорнында фосфор қышқылы 39%, аммофос 7% және тағы басқа да өндіріс көлемі ұлғайтылған.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 23,2%-ға артты. Өсім «Dolce» ЖШС кәсіпорнында өнімнің 67%-ға, «Химфарм» АҚ 9%-ға және «Элеас өндірістік фармацевтикалық компаниясында» 21 есе артуына байланысты болды. Бұдан өзге «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы Тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізу көлемі ұлғайтылды. Бүгінгі таңда медициналық бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1,2 млн дананы құрайды, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен жабады. Жыл соңына дейін тәулігіне 1,5 млн данаға дейін ұлғайту көзделген.Сондай-ақ, тәулігіне медициналық қолғаптардың 530 мың данасы өндірілсе, қорғаныс жиынтықтары айына 900 мың данаға дейін шығарылады, ал, таблетка, капсулалар, түйіршіктер, т.б. мыңға жуық атауы бар дәрілік заттардың өндірісі жылына 3,9 млрд данаға жеткізілетін болды.

Бұдан басқа республикада машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 13,9%-ға өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 45,1%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 3,4%, өзге көлік құралдарын жасау 113,8%, электр жабдықтарды жасау 0,2% артты.

Айгүл АХМЕТОВА,
«Заң газеті»

Комментарий