Жаңалықтар | Новости

Биыл оқушылар мектепке қандай формамен барады?

Оқушылардың мектепке қандай формамен келетінін ата-аналар өздері шешетін болды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді.

«Соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді өзі қабылдайды»,-делінген хабарламада.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда республика мектептерінде педагогикалық кеңестер өтіп жатыр. Онда биылғы оқу жылының ұйымдастырылуына байланысты өзекті мәселелер талқыланып жатыр.

Комментарий