Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Қазақстаннан арықтататын дәріге тапсырыс берген екі әйел сотталды

Орынбор облысында ғаламтор арқылы арықтататын дәріге тапсырыс берген екі әйел сотталмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қос келіншек Қазақстаннан арықтататын дәріге тапсырыс беріп айыпталды. Бұл туралы Орал жол прокуратурасы мәлемдеген болатын.

Қылмыстық іс Новотроицк қалалық сотында қаралған. Әйелдер күшті заттарды Ресей Федерациясының шекарасынан заңсыз өткізді деп айыпталған.

Сот отырысында 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасынан ғаламтор арқылы арықтататын дәріге тапсырыс беріп, 33,840 грамм сибутрамині бар күшті затты Ресей Федерациясында рұқсат берілмегенін біле тұра тасмалдаған деп шешім қабылданған.

Әйелдер кінәлі деп табылып, бірі бір жарым жылға шартты түрде , енді бірі бір жарым жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын түзету колониясында өтейтін болады.

Айыпталушылар тапсырыстарын алып тұрған кезде Орск жүк жеткізу бөлімінде ұсталған.

Комментарий