Жаңалықтар | Новости

Коронавирус: дүние жүзі бойынша 20 тамыздағы таңғы жағдай

20 тамыздағы таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 22,2 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметінше, дүние жүзінде 22 260 914 адам COVID-19 жұқтырған. 784 082 науқас коронавирустан қайтыс болған, 14 198 187 адам аурудан айыққан.

Коронавирус жұқтырғандар саны көп елдердің тізімінде мына елдер бар:

АҚШ – 5 524 398 адам вирус жұқтырған, 172 965 науқас көз жұмған,

Бразилия – 3 407 354 адам вирус жұқтырған, 109 888 науқас көз жұмған,

Үндістан – 2 767 273 адам вирус жұқтырған, 52 889 науқас көз жұмған,

Ресей – 935 066 адам вирус жұқтырған, 15 951 науқас көз жұмған,

ОАР – 596 060 адам вирус жұқтырған, 12 423 науқас көз жұмған,

Перу – 549 321 адам вирус жұқтырған, 26 658 науқас көз жұмған,

Мексика – 531 239 адам вирус жұқтырған, 57 774 науқас көз жұмған,

Колумбия – 489 122 адам вирус жұқтырған, 15 619 науқас көз жұмған,

Чили – 390 037 адам вирус жұқтырған, 10 578 науқас көз жұмған,

Испания – 370 867 адам вирус жұқтырған, 28 797 науқас көз жұмған.

Ал ДДҰ мәліметінше, әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 21 989 366-ға жетіп, 775 893 адам қайтыс болды.

Қазақстанда эпидемия кезінде 103 571 адамнан коронавирус табылған. 86 286 адам аурудан жазылса, 1446 науқас қайтыс болған.

Комментарий