Елдегі көтерілістен соң Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейт отставкаға кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
“Осы уақыттан бастап, өз өкілеттігімді тоқтатамын деп шешім қабылдадым. Мен билігімнің сақталғаны үшін қан төгілгенін қаламаймын”, – деді президент тікелей эфирде.
Айта кетейік, осыған дейін Малиде көтерілісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министрді кепілге алғаны хабарланған еді.
Комментарий