Жаңалықтар | Новости

Қанша қазақстандық 42 500 бен 21 250 теңге алды?

2,3 миллионнан аса қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері айтты.

Министрлік мәліметінше, өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

“18 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 миллион 570 мыңнан аса бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең”.

Төлемді 2 миллион 353,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 миллион 343,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 миллион 570 мыңнан аса өтінімнің ішінде:

– 834,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 669,7 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 403,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 661,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,3 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 255,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 миллион 480,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

“Төлем 2 миллион 361 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 353,8 мың қазақстандыққа аударылды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство өкілдеріҚазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленетінін айтып өтті.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Комментарий (2)

  1. Нурлан

    Мен алмадым

  2. Акмарал Идрисовв

    Меним жумысым жок озим жалгызбасты анамын улым студент окуга даиындыгына аперетин затка акшада жок озим нанга акша тапаи калдым ози жалгызбасты анамын квартирада турам не деген сумдык шилде аиында 42500 неге бермеди берсе комек болар еди гои карапаиым адамга.

Комментарий