Жаңалықтар | Новости

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы елімізде мүгедектерге мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісімен БАҚ өкілдерін таныстырмақ

Қазақстан ел Конституциясында өзін әлеуметтік мемлекет деп атап көрсетті. Оның мәні – қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық салаларында азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделерінің кешенді түрде қамтамасыз етілуі мен қорғалуында. Бұл шарт ерекше қажеттілігі бар адамдарға деген мемлекет қамқорлығынан да көрініс табуы тиіс.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті» екенін бөле-жара атап көрсетті. Яғни, қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де, мемлекеттік қызметтер алуда да мүгедек жандар жайсыздық сезінбеуі, кедергілерге тап болмауы тиіс.

Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мысалында елімізде мүгедектерге мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісімен БАҚ өкілдерін таныстырмақпыз.

Ұсынылатын спикерлер:

1) Филиал басшылығының жұмыс процесі жайлы сұхбаты;
2) Кейіпкер (арбадағы кісі)
3) Кейіпкер (құлағының мүкісі бар кісі)
4) Фронт-офисте жұмыс істейтін мүгедектігі бар маман;
5) Сурдоонлайн жұмысы және Сурдоаудармашының қызмет көрсету процесі.
Планға түсіруге:
1) Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мүгедектерге арналған автотұрақ;
2) арбадағы мүгедектер үшін пандустар;
3) шақыру нүктелері;
4) фронт-офистеріді Брайль мәтініндегі ақпараттық тақташалар;
5) көзі нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар;
6) Мүгедектерге қызмет көрсететін терезе (белгілерімен);
7) Сурдоонлайн қызметі;
8) Көтеру лифті.

Шара 2020 жылға 19 тамыз күні, сағат 10-00-де Алматы қаласы, Алатау аудандық ХҚО-да өтеді. Мекенжайы: «Нұркент» ықшамауданы, 5/17, (Олимпиада қалашығы).

«Азаматтарға арналған үкімет» МК
Алматы қаласы филиалы,
Тел.: 87073240176

Комментарий