Жаңалықтар | Новости

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз. Ол үшін:

  • Egov.kz порталына кіріңіз;
  • Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;
  • Қызметті онлайн сұратыңыз;
  • Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
  • Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
  • Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
  • Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;
  • Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
  • Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.
  • Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
  • Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

Комментарий