Жаңалықтар | Новости

Америкалық ғалымдар маска мен антисептикті алмастыратын спрей ойлап тапты

Калифорния университетінің мамандары жеке қорғаныш заттары маска мен қолғапты алмастыра алатын спрей ойлап тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Қорғаныш құралына AeroNabs атауы берілген. Құрастырушылардың айтуынша, ол организмге коронавирус түсірмейді. Калифорния университетінің ғалымдары бұл қысқа мерзімде жасалған препарат вакцина табылғанға дейін COVID-19 жұқтыру дерегін азайтады деген үмітте.

Университет дәрігерлерінің сөзінше, мұрынға тамызатын спрей маска, қолғап, антисептик сынды жеке қорғаныш заттарын алмастыра алады. AeroNabs құрамында ламалар, түйелер мен альпактардың қанында кездесетін иммундық ақуыздардың антиденелерінің бөлшектері бар.

Олар адам жасушаларына вирустың түсуіне тосқауыл болады. Жақыда ғана Оксфордта орналасқан Розалинда Франклин институтында ламалардың наноденесін қолданып, зерттеулер жүргізілген.

Айта кетсек, көптеген әлемдік сарапшылар осы антидененің пайдалы екенін айтуда. Олардың ойынша, антиденелер коронавирусты залалсыздандырады деп жазды Mail Online.

Комментарий